Көлік-логистикалық орталық Қытайдан және Ресейден Қазақстанның оңтүстік аймақтары үшін (Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Алматы қ.) тауарларды тарату қызметін атқарады. Логистиканы жақсарту шекті тұтынушы үшін тауар құнын төмендетеді. Сонымен қатар, көлік-логистикалық орталықтардың дамуы жеміс-көкөніс, ет және бақша дақылдарының экспорттық ағындарын орталықтандыру үшін қажет. Демек, ауыл шаруашылық өнімдері көлік-логистикалық орталықтар арқылы әрі қарай пайдаланушыларға жеткізу үшін сұрыпталады және қапталады.
- Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталықты салу кезеңі: 2014 жылғы маусым – 2016 жылғы қазан.
- КЛО жүк айналымы: жылына 1,2 млн тонна.
- Жоба бастамашысы: «Continental Logistics» ЖШС, оның құрылтайшылары «KTZ Express» (30%) АҚ және «Odyssey Investments Group» ЖШС (70%) болып табылады.
- Шымкент қаласындағы КЛО құрылыс ауданы 34 га құрайды.
Негізгі құрылыс нысандары:
- құрғақ сақтау қоймасы;
- климаттық сақтау қоймасы;
- тоңазытқыш камералары, мұздатқыш камералары; Контейнер алаңдары;
- Т/Ж жолдары және т.б.
Орналасқан орны: Әуежай ауданы.
Көлік-логистикалық орталықтың басты артықшылықтары:
- қолайлы орналасқан орны. 51 га жер учаскесі;
- Ұлттық темір жол вокзалына жақындығы;
- барлық тауар түрлерін автомобиль магистралдарымен және темір жолдармен жеткізу мүмкіндігі;
- нысанның халық тығыз қоныстанған орындардан шалғай орналасуы қоймалардың тәулік бойы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.