Құрық кемежайында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы тасымалдау паромдарын пайдалану.
Аталған инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру тәулігіне 5 паромға қызмет көрсетуге және темір жол вагондары мен автотрейлерлермен жылына 4,1 млн тонна жоспарлы жүк ағынын паром желілерінде өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті паром кешенін құруды қарастырады, ол Құрық кемежайын Каспий теңізінде Анзали, Баку, Махачкала, Оля, Туркменбаши кемежайларымен байланыстырады.
Құрық кемежайындағы паром кешенінің құрылысы Маңғыстау облысында Құрық поселкесінен (Ақтау кемежайынан оңтүстікке қарай) 17 шақырым жерде жүргізіліп жатыр.
2015 жылы сәуір айында «Құрық кемежайында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы тасымалдау паромдарын пайдалану» жобасы іске қосылған. Жалпы құрылыс ауданы – 24 га. Жобаны жүзеге асыру кезеңі – 2015-2017 жж.
Қазіргі уақытта кемежайдың көрме жолдары аумағында жер қазу жұмыстары жүргізілу үстінде, үйіндіге 3,5 млн. м3 топырақ (85%) шығарылған, Ерсай б. – Құрық п. кірме темір жол учаскесін салу жүзеге асырылуда, жолдың жоғарғы құрылысы материалдарын дайындау жүргізілген.