КОНЦЕРН “НАЙЗА-КҰРЫЛЫС”

bf046acc557ee16fa71e19b8b976d050

ҒАЛАМАТ ЖОБАЛАР ДӘУІРІ

«Концерн «Найза-Құрылыс» 1996 жылы сәуір айында бірқатар компанияларды әлемдегі ең жас астана Астана қаласының ірі ауқымды құрылыс нысандарын салуды жүзеге асыру мақсатында біріктіріп, орасан зор жобалар кезеңін бастады.

Қарқынды экономикалық өсім нәтижесінде «Концерн «Найза-Құрылыс» және «Астана» Қазақстан Республикасының жаңа даму кезеңінің өжеттікті, тиянақтылықты және болашақтағы жобалардың тұрақтылығын қамтыған символдарына айналды.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ:

Қазақстан Республикасының нарығында клиенттердің кең спектрінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және Концерннің өсуі мен гүлденуін қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты бәсекеге қабілетті позицияға қол жеткізу мақсатында құрылыс жұмыстары мен девелоперлік қызметтерді жетілдіру және дамыту.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ

1.

СІЗДІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ӘР КЕЗЕҢІНДЕГІ СЕНІМІҢІЗ

Біз тұжырымдамасы мен іргетасынан бастап пайдалануға беруге және нысанға қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсынуға дейін қызметтердің толық кешенін жиынтық түрде көрсетуге қабілеттіміз.

2.

ЖАЛПЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР  ГҮЛДЕНУ МЕН ИГІЛІК НЕГІЗІ

Адамдарға шынайы қамқорлық – біздің қызметіміздің басты қағидасы. Бақытты қызметкерлер – көңілі толған клиенттер – үлкен жетістіктің кілті.

Біз өз нысандарымызда жас мамандарды қарсы алуға аса қуаныштымыз. Тәжірибенің мирасқорлығы мен озық инновациялар – біздің компанияның негізгі өсу нүктелері.

3.

БОЛАШАҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТИЯНАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Компания қызметкерлерінің кәсібилігі, озық технологиялар және басшылардың өршілдігі жобаны жүзеге асырудың жүйелілігіне және ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге кепілдік береді.

БІЗДІҢ МАРАПАТТАРЫМЫЗ

АЛТЫН САПА СЫЙЛЫҒЫ

Халықаралық BID ұйымы
Тауарлар, қызметтер және өндіріс технологиясының жоғары сапасына қол жеткізгені үшін

ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Астана қ.

САЛУШЫЛАР АССОЦИАЦИЯСЫ МҮШЕСІ

Қазақстан Республикасы
Қазақстанда құрылыс саласын дамыту және адал бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету

Біздің миссиямыз

Біз жекелеген нысандар емес, қалалар саламыз, біз тұжырымдамасы мен іргетасынан бастап пайдалануға беруге және нысанға қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсынуға дейін қызметтердің толық кешенін жиынтық түрде көрсетуге қабілеттіміз.

Құрылыс менеджментінің жетілдірілуі, Концерн ұжымының тәртібі мен кәсібилігі, қаржылық-шаруашылық қызметтің жариялығы Концерн жұмысының тұрақтылығын, тиімділігін және жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.

 «Концерн «Найза-Құрылыс» өз қызметінде 2007 жылдан бастап ИСО 9001:2009 және 2010 жылы қайта сертификатталған 9001:2009  сапа менеджменті жүйесінің негіз қалыптастырушы ұстанымдарын сәтті пайдаланады, сонымен қатар, ҚР СТ 14001-2006 талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін қолданады.

Жүйе Концернді басқарудың жүйелі және үдерістік тәсілін қарастырады. Бизнес-үдерістер мен шешімдерді стандарттау жүргізіледі.