СІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІҢІЗ — БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ!
Стратегия
Біз бәсекелі артықшылыққа қол жеткізуге және қазақстандық, халықаралық құрылыс компаниялары арасында көшбасшы орынды иеленуге, құрылыс саласын сапалық жаңа деңгейге шығаруға және құрылыс жұмыстары мен тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің тұрақтылығы мысалын көрсетуге ниеттіміз.
Болжам
Концерн «Найза-Құрылыс» —жобалау және құрылыс саласындағы заманауи жоғары технологиялы құрылғылармен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген қарқынды даму үстіндегі тұрақты, бәсекеге қабілетті компания.
Философия
Идеяның негізгі өзегі клиенттер сұраныстарына бағдарланудың максималды деңгейі болып табылады. Тапсырыс беруші бізге хабарласқанда, біз міндетті түрде оның барлық қалауын ескереміз. Өзара әрекеттестік кез келген жағдайда қолайлылық пен ойластыруды қамтамасыз етеді. Біздің компания жүзеге асырып отырған серіктестік саясатының іргесі берік болып табылады.
КОРПОРАТИВТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Корпоративтік құндылықтар — бұл компания қызметтерін бағыттайтын іргелі және терең ұстанымдар. Құндылықтарды қолайлылық немесе қысқа мерзімді экономикалық пайда жолында ескерусіз қалдыруға болмайды.
КӘСІБИЛІК
Біз үшін кәсібилік – білім, білік және дағдының, жұмысты сапалы және уақытында орындау ішкі ниетінің жиынтығы болып табылады. Біз қызметкерлеріміздің кәсіби тұрғыда даму талпынысын қолдаймыз.
2.НӘТИЖЕЛІЛІК
Біздің қызметіміздің нәтижесі Компанияның өз мақсатына минималды уақыт және ресурс шығынымен қол жеткізуі болып табылады.
3.ЖАУАПКЕРШІЛІК
Біздің қызметкерлеріміз шешім қабылдайды, оны жұмыс барысында жүзеге асырады және оның барлық салдары үшін жауапты болады.
4.БАСТАМАШЫЛДЫҚ
Біз қызметкерлеріміздің инновацияны іздеу мен компания мақсаттарына қол жеткізудегі белсенділігін қолдаймыз және марапаттаймыз.
5.КОМПАНИЯҒА АДАЛДЫҚ
Біз – өз компаниясы үшін мақтаныш сезімі бар, ойы бір жерден шығатын адамдар тобымыз. Біздің әрқайсымыз Компанияның, оның стратегиялық міндеттерінің ажырамайтын бөлігі болып табыламыз. Компания қызметінің барлық аспектілерінде мінсіз артықшылыққа қол жеткізу үшін қолымыздан келгенше аянбаймыз.
6.СЕРІКТЕСТІККЕ АШЫҚТЫҚ
Компанияның негізгі тиімді қызметі мен инвестициялық тартымдылығы қатысушылар, клиенттер, серіктестер және ұжымдық өзара әрекеттестік бәсекелестері арасындағы сенім болып табылады, Компанияның корпоративті басқару және корпоративті іс-әрекет ұстанымдары оны қалыптастыруға бағытталған.
БІЗДІҢ МАРАПАТТАРЫМЫЗ

АЛТЫН САПА СЫЙЛЫҒЫ
Халықаралық BID ұйымы

ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ
Астана қ.

САЛУШЫЛАР АССОЦИАЦИЯСЫ МҮШЕСІ
Қазақстан Республикасы
БІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМІЗ:
-
Заң әріптерінен бастап – сенім рухына дейін.
-
Құқықтық нормаларды құрметтеу.
-
Көп жақты сауда қатынастарын қолдау.
-
Қоршаған ортаға ұқыпты қатынас.
-
Заңға қарсы әрекеттерге жол бермеу.
Заңды сақтау.
Біз заңға қарсы келетін жағдайларға жол бермейміз. Компанияда ешкім бізді оған мәжбүрлей алмайды.
Адам құқықтарын сақтау.
Компанияға жұмысқа қабылдау барысында қандай да бір белгілері бойынша кемсітушілікке жол берілмейді. Кадрларды таңдау және іріктеу тек кәсіби қабілеттері, білімі мен дағдылары және тұлғалық қасиеттері негізінде жүзеге асырылады.
Серіктестерге, бәсекелестерге, клиенттер мен тұтынушыларға адалдық.
Біз коммерциялық құпияларды жария етпеуге тиіспіз. Біз бәсекелестік күресіне адал және ашық түрде қатысамыз. Серіктестерді таңдау барысында Біз тек Компания мүдделеріне сәйкес жұмыс жасаймыз. Үміткерлерден пара алу немесе «айрықша ұсыныстарға» жол берілмейді.
Құпиялылық.
Компания мен қоғам арасындағы қатынас стратегиялық даму бөлімі арқылы жүзеге асырылады, олар қоғаммен байланысқа жауапты болады. Біз Компанияда болып жатқан жағдайда өз бетімізбен БАҚ жариялай алмаймыз.
Экологиялық жауапкершілік.
Біз өз қызметіміздің нәтижесінде компанияға келіп жатқан зиянды әсер туралы ақпаратты Компания басшылығынан жасырмауымыз керек.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау.
Біз өндірістік және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті құрылғыларды пайдалануымыз керек.
Кодекс қағидаттарын сақтау.
Біз Кодекс талаптарын бұзбауымыз керек. Біз әріптестеріміздің Кодексті бұзуына жол бермеуге тиістіміз. Басқа қызметкерлердің Кодексті бұзуы Компания беделіне және біздің жеке беделімізге нұқсан келтіреді.
Аталған Кодекс бойынша даулы мәселелер жағдайында кеңесші Персоналмен жұмыс басқармасы болып табылады.