АСТАНА Қ. ЦИРКІ

2002 жылы «Концерн «Найза-Құрылыс» Астана қаласының Әкімшілік жоспарлау және құрылысты дамыту департаментінің тапсыры бойынша цирк ғимаратын салу бойынша міндеттеме алды.

Аталған кешеннің құрылысы жүріп жатқан уақыт ішінде, мұнда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев,  премьер-министр Д. К. Ахметов, президент әкімшілігінің басшысы А. Джаксыбеков, Астана қаласының әкімі Ө.Е.Шүкеев бірнеше мәрте келген.

Жоба авторы Алматы қ. «Казгипрогор» сәулетшісі Төлеген Әбілда өзінің серіктестерімен бірлесе отырып «ұшатын табақша» түрінде жасалған бірегей цирк ғимаратының жобасын әзірледі. Оның көрермендерге арналған классикалық диаметрдегі (13 метр) аренасы бар залына 2000 көрермен сияды. 36 орындық VIP-ложа жеке орналасқан.

Comments are closed.