GEVO ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР ӨНДІРУ ЗАУЫТЫ

  • IMG_8978
  • IMG_9000
  • IMG_9014
  • IMG_9020
  • IMG_9033
  • IMG_9046
  • IMG_9048
  • IMG_9051
  • IMG_9052
  • IMG_9063
  • IMG_9064
  • IMG_8982

Астана қаласында (Қазақстан) локомотивтерге арналған GEVO үлгісіндегі дизельді қозғалтқыштар шығаратын зауыт іске қосылды. «Астана Дизель Сервис» зауыты  жыл ішінде локомативтерге арналған 100 қозғалтқыш шығаруды және одан әрі көрсеткіштерді 200 дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Өнімді «Эволюшн» қазақстандық тепловоздар өндірісінде, кеме жасау мен ресейлік екі секциялы тепловоздарды жаңарту барысында пайдалану қарастырылған. Зауыт өнімдерін посткеңестік  мемлекеттер және Моңғолия нарығына шығаруды жоспарлаған.

Серік АХМЕТОВ, ҚР Премьер-Министрі:

— Мемлекет басшысының бастамасымен Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жаңа сала – транспорттық машина жасау саласы пайда болды. «ҚТЖ» ұлттық компаниясы осы саланы дамытуға саланың әлемдік көшбасшыларымен бірге зор үлес қосып отыр. Электровоздар, локомативтер және «Тальго» жолаушы вагондарын шығару зауыттары салынған. Енді «ҚТЖ» еліміздің астанасы – Астанада шығарылатын локомативтерге арналған бөлшектер мен түйіндерді «Дженерал Электрик» компаниясының технологиясы бойынша шығаруға кіріседі.

Асқар МӘМИН, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ президенті:

— Біз 2008 жылдан бастап темір жол машина жасау көлемін 20 есеге дейін арттырдық, ол 2008 жылы 10 млрд болса, 2013 жылы 200 млрд жуықтады. Біз аталған көрсеткішті 2015 жылы 300 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Comments are closed.