1996 жылы көктемде Қазақстанның құрылыс бизнесінің әр түрлі секторларында жұмыс жасаған төрт кәсіпорын бірлесе тұрғылықты және әкімшілік ғимараттар салу үшін өз күштерін біріктіруге шешім қабылдаған. Олардың бірігуі нәтижесінде құрылған компания «Найза» ЖШС деп аталған, ал 2001 жылы «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС болып өзгертілген.
«Найза» ЖШС Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен тапсырысқа тендер алып, Астана қаласындағы бірнеше нысанның: ҚР Қаржы министрлігінің әкімшілік ғимаратының, 12 пәтерлік, 70 пәтерлік және 24 пәтерлік тұрғын үйлердің бас мердігері болды. Осы жобаларды сапалы және мерзімінде жүзеге асырғаннан кейін кәсіпорын сенімді серіктес беделіне ие болып, ең жоғары астаналық дәрежедегі тапсырмаларды сәтті орындауға қабілетті екенін көрсетті. Соңғы жылдары фирманың позициялары нығайып, құрылыс көлемі үздіксіз артты.
Бүгінгі таңда «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС – Қазақстан Республикасының ірі құрылыс ұйымдарының бірі, жобалаудан бастап нысанды «дайын қалпында» тапсыруға дейін өндірістің тұйық циклын қамтамасыз ететін көп бейінді кәсіпорын.
Жұмыс жасаған жылдар ішінде фирма мамандары ауқымды тәжірибелік дағды мен мол кәсіби білім жинақтады. Заманауи технологиялар мен озық материалдарды пайдалану, орындаудың мінсіз сапасы оларға шетелдік әріптестерімен лайықты бәсекелес болуға мүмкіндік береді. «Концерн «Найза-Құрылыс» Қазақстанның астанасында және оның шегінен тыс жерлерде де танымал. Тек астананың өзінде ғана жиырмадан астам тұрғын үй кешендері салынған.Фирма тұрғылықты емес бағыттағы нысандарды да салады.
Олардың қатарында, Астанада алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейдегі автожанармай құю бекеті, VIP халықаралық әуежай ғимараты, сауда-ойын сауық орталығы салынған. Қада үшін маңызды құрылыс және компанияның «визит карточкасы» бірегей жоба бойынша 2 мың көрерменге арналып салынған цирк ғимараты болды. Астана циркі 2005 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ашылды.
Астананың он жылдығына орай концерн «Астана» ұлттық теннис орталығының құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл кешен бірегей сәулеткерлік шешімімен ерекшеленеді және ол астананың көрнекті орындарының қатарынан лайықты орнын тапты.
2008 жылы 4 шілдеде өткен ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.
«Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС республиканың басқа да көптеген қалаларында белсенді жұмыс жасайды. Ол Қарағанды және Қостанай қалаларында тұрғын үйлер мен сауда орталықтарын, Атырау қаласында қалалық емхананы салған. Компания инвестициялық бизнеспен белсенді айналысып, тапсырыс берушілер шеңберін тұрақты кеңейтеді, барлық мүдделі құрылымдармен серіктестікке дайын. Қажетті қуаттарды иелене отырып, ол жұмыс циклы барысында құрылысты ұйымдастырушылық-технологиялық жабдықтау саласындағы кез келген тапсырмаларды орындай алады.
2001 жылы 7 мамырда «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС халықаралық Business Initiative Directions (BID) тәуелсіз ұйымы «Сапа үшін алтын жұлдыз» сыйлығын табыстады. Аталған сыйлық тауарлар, қызметтер және технологиялардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жағдайында тұрақтылығын сақтаған, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген кәсіпорындарға беріледі.
Концерн құрылыс материалдары өнеркәсібі саласындағы инвестициялық және инновациялық жобаларға баса назар аударады.
Бүгінгі таңда «Концерн «Найза-Құрылыс» — бұл көп бейінді заманауи мобильді компания, оның құрылыс жобаларын кешенді жүзеге асыру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. Құрылыс материалдары мен құрылымдарының жеке өндірісін, заманауи құрылыс технологияларын, Концерннің кадрлық, техникалық және зияткерлік әлеуетін пайдалану әр түрлі мақсаттағы нысандарды жобалаудан бастап «дайын қалпында» пайдалануға беруге дейін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Қазақстанның үздік тұлғалары» энциклопедиясы