МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

circus naiza

Қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі, озық технологиялар мен концерн басшыларының көп жылдық тәжірибесі компанияның көрсетілетін қызметтердің халықаралық стратегиялық маңызы бар индустриалдық нысандар құрылысы нарығындағы бәсекелі артықшылықтар қалыптастыруға қабілетті сапалы жаңа деңгейіне шығуын қамтамасыз етті.

Цирк құрылысы.

Концерн құрылысшыларының және астананың барлық тұрғындарының ерекше мақтанышы Цирк кешенінің құрылысы болып табылады. Ұшатын табақша түрінде жасалған сәулеткерлік шешімі бойынша бірегей кешен жалпы ауданы 14,5 мың шарты метр үш павильоннан құралған, мұнда 2 мың адамға арналған көрермендер зады, төрт қабатты қонақ үй кешені, әкімшілік-шаруашылық блогы, цирк әкімшілігі, жаттығу манежі, жануарларға арналған вольерлер, шеберханалар мен қосалқы ғимараттар орналасқан блоктар бар.

 «Астана» ұлттық теннис орталығы

9__tennisnyy_kort

Астананың он жылдығына орай концерн «Астана» ұлттық теннис орталығының құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл кешен бірегей сәулеткерлік шешімімен ерекшеленеді және ол астананың көрнекті орындарының қатарынан лайықты орнын тапты.

2008 жылы 4 шілдеде өткен ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.

2011 жылы тамыз айынша Қазақстан Республикасының Теннис федерациясының шешімімен Ұлттық теннис орталығына Азиялық Ұлттық теннис орталығы мәртебесі берілді.

«ҰТО» теннис кешенінде (Ұлттық теннис орталығы) 2 ойын залы бар, бірінші ойын залында 2500 орындық жаттығу корты орналасқан, мұнда қалалық, халықаралық, республикалық сайыстар, сонымен қатар, жартылай финалдық, финалдық турнирлер өткізіледі, 2 ойын залында 583 орынға арналған көрермендер трибуналары және оқу-жаттығулары өткізілетін үш корты бар.

Кешен комментатор кабиналар бар бейне тарату жүйесімен жабдықталған және киіну бөлмелері, демалыс бөлмелері, спорттық сайыстар барысында қатысушылар мен көрермендердің тамақтануына арналған 3 кафе-бар орналасқан.

Спорт кешенінің жалпы жағдайы республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлер мен спорттық сайыстарды өткізуге сәйкес келеді.