ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ

Қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі, озық технологиялар мен концерн басшыларының көп жылдық тәжірибесі компанияның көрсетілетін қызметтердің халықаралық стратегиялық маңызы бар индустриалдық нысандар құрылысы нарығындағы бәсекелі артықшылықтар қалыптастыруға қабілетті сапалы жаңа деңгейіне шығуын қамтамасыз етті.

АВТОЖОЛДАР ҚҰРЫЛЫСЫ

Қазақстан Республикасындағы көлік инфрақұрылымын ғаламдық дамытудың маңызды нысаны А1 санатты Алматы-Қапшағай бетон автожолының құрылысы.

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ

«Арқалық-Шұбаркөл» желісі құрамындағы «Шұбаркөл-Майбұлақ» жаңа темір жол желісінің құрылысы Қазақстанның орталығынан Ресейге, одан әрі батыс еуропалық мемлекеттерге шығуды қамтамасыз етеді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Концерн құрылысшылары мен астананың барлық тұрғындары үшін ерекше мақтан тұтатын нысан Цирк кешені құрылысы болып табылады. Ұшатын табақша түрінде жасалған сәулеткерлік шешімі бойынша бірегей кешен 2000 көрерменге арналған.

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ МЕН ПАРКТЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ

Айналадағы әлемді жетілдіру, қазақстандықтардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау – құрылыс индустриясындағы даму мен қызметтер көрсету сапасын арттырудың ең үздік мотивациясы. Болашақ бүгіннен басталады.

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҒИМАРАТТАР ҚҰРЫЛЫСЫ

Біз Астана қаласының тұрғындары жайлы өмір сүруі үшін 200 астам тұрғын үй кешендері мен кеңсе ғимараттарын тұрғыздық.

ӨНЕРКӘСІПТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жаңа сала – транспорттық машина жасау пайда болды. Концерн Найза-Құрылыс «Заманауи электровоздар өндірісі бойынша құрылыс» жобасын жүзеге асыруда."

{:ru}

АВИАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Авиациялық инфрақұрылым нысандары – дүние жүзіндегі көлік жүйесінің негізі болып табылады, экономикалық және қоғамдық өмірдің жоғары даму ырғағын қамтамасыз етеді, адамдар мен жүкті қысқа жолдармен және барлық басқа көлік түрлерінен асатын жылдамдықпен тасымалдауға мүмкіндік береді.

{:}{:kz} {:}

КОНЦЕРН «НАЙЗА-КҰРЫЛЫС»: ҒАЛАМАТ ЖОБАЛАР ДӘУІРІ

СІЗДІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ӘР КЕЗЕҢІГДЕГІ СЕНІМІҢІЗ

Біз тұжырымдамасы мен іргетасынан бастап пайдалануға беруге және нысанға қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұсынуға дейін қызметтердің толық кешенін жиынтық түрде көрсетуге қабілеттіміз.

ЖАЛПЫ АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ГҮЛДЕНУ МЕН ИГІЛІК НЕГІЗІ

Адамдарға шынайы қамқорлық – біздің қызметіміздің басты қағидасы. Бақытты қызметкерлер – көңілі толған клиенттер – үлкен жетістіктің кілті.Біз өз нысандарымызда жас мамандарды қарсы алуға аса қуаныштымыз. Тәжірибенің мирасқорлығы мен озық инновациялар – біздің компанияның негізгі өсу нүктелері.

БОЛАШАҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТИЯНАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Компания қызметкерлерінің кәсібилігі, озық технологиялар және басшылардың өршілдігі жобаны жүзеге асырудың жүйелілігіне және ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге кепілдік береді.